«Өтірік айтқан жерлері бар» - Есен Елеукен Тұрсынбек туралы шындықты айтты (видео)

Oinet.kz 15-04-2021 1272

«Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Есен мен Тұрсынбек.jpg

- Барлық шындықты айтпақшы болдым. Әртүрлі сұхбаттар болды. Өтірікті аямай айтқан адамдар көп болды. Өтірікші дей алмаймын. Бірақ өтірік айтқан жерлері бар. Өзінің қиялындағы нәрсесі шығар. Өзі солай ойлайтын шығар. Мен тіпті білмеймін оның, мен ұйымдастырдым деген тұстарын. Тұрсынбек ойнап жүрді. Негізі 2008 жылғы "Жарайсыңдар жігіттер" Еркебұлан бастаған команда чемпион болды ғой. Сол жылдан басталды. Сондықтан өз кінәсін білгеннен соң үндемей жүр деген жері артықтау болды. Менің ешқандай кінәм жоқ. Менің театр ашқан кезде де біздің балдар қолдау көрсетті. Біздің жұмыстағы Нағи деген жігітті бірге жұмыс істесін деп жанына қосып бердім. Оның телеарнаға шығуына негіз салып берген жігіттердің бірі. Ашып айтатын болсаң арғы жағында біраз әңгімелер бар - деді Есен Елеукен.

Қарақат Әбілдина Жұлдыз Абдукаримоваға ерекше жазба арнады (фото)
Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу