«Солар бәрін құртатын» - Есен Елеукен Тұрсынбек туралы айтты (видео)

Oinet.kz 22-02-2021

«Қазақстан КВН одағының» Президенті Есен Елеукен әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екеуінің қарым-қатынасы туралы баяндады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Nursultan Qurman ютуб арнасында айтты. 

Есен мен Тұрсынбек.jpg

- Біз көрсек амандасамыз. Араласамыз. Жолығу керек еді. Хабарласу керек еді деп бір-екі рет айтып едім, болды-болды деді. Сонымен, хабарласқан жоқпыз. Біріншіден, ол сұхбатында төрт-бес нәрсе кішкене артықтау болды. Ашып айтқым да келмейді. Тағы да басталады. Осы сұхбатты көріп өте жақын арласатын досым бар еді менімен араласпай кетті. Мен айттым енді сөз қумайтын адаммын деп. Көрерменде ертең айтатын шығар мынау неғып мәймүңкелеп отыр деп. Жалпы сол жабылып қалсыншы. Мен адам баласының бетін тырнап, болды араласпаймын деген емеспін. Негізі жаман жігіт емес. Бірақ, қасында бір-екі бала бар бүкіл әңгімені айтып отыратын ақыл-кеңесшісі. Солар  бәрін құртатын - дейді Есен Елеукен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың арасында түсінбеушілік орын алған болатын. 

«Әке-шешем ит болсын деп емес, әнші болсын деп тәрбиелеген» - Аманғали Сыпабеков
«Билік пейілін түзету керек шығар» - Қарақат Әбілдина (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×