«Иманғали Тасмағамбетов ағамыз келді» - әнші отбасындағы қызықты оқиға туралы баяндады (видео)

Oinet.kz 05-04-2021 4664

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина отбасында орын алған қызықты оқиға туралы баяндады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат Әбілдина.jpg

- Біраздан бері сіздерге айтып бергім келіп жүрген әңгіменің реті бүгінге келіп тұр екен. Оқиғаға "қарлығаш ұя салғанда" деп ат қойдым. Аланиядағы алғашқы күндердің бірінде Қыдекең ұйқыдан ояндыдағыда: “ Қақат, мен бір түс көрдім. Түсімде Астанадағы үйімізге қарлығаштар көөөөп ұя салып тастапты. Ана қарлығаштар балапанына жем тасып беріп, шиқылдап, кіріп-шығып жүр екен. Сол үйге және Иманғали Тасмағамбетов ағамыз келіп қонақ болып жатыр. Бұл түс бір жақсылықтың белгісі ау” - деді.

Сол уақытта бұл жақтың ауасын, суын, жалпы климатын ұнатып, осы жерде келіп-кетіп отыратын бір шаңырағымыз болсын деп ұйғарған уақытымыз. Ақырындап үй қарап жүргенбіз. Кезекті үйді қарауға осы қазір біз тұрған үйге келдік. Бәрі қалауымыздағыдай болып, көңілімізден шығып тұр. Бір уақытта үйдің төбесінде айнала қоршап салынған қарлығаштың ұясын көріп қалмаймыз ба!? "МашаАлла Қақат, мынау менің түсімдегі ұялар ғой" - дегенде ерекше толқыдым.Рас, кәдімгі қарлығаштың ұясы, тіпті өздері 8 ұя. Біз де сегізбіз. Алланы тек ұлықтай бердік. Қарлығаш өзі киелі құс қой. Кез-келген жерге ұя салмайды. Ұрыс-керіс болмайтын, жайлы, тыныш, таза, берекелі үйді сезіп ұясын сол жерден құрады екен. Қасиетті Қағбаны айнала ұшып тәуап жасайды дейді. Қазір міне өздеріңіз видеодан көріп отырғаныңыздай, қарлығаштап ұяларына қайта оралып, тіршілігін бастап, бәріміз бірге тату-тәтті тұрып жатырмыз. Сіз бұл оқиғамыздан қандай ой түйдіңіз? Қарлығаш жайлы тағы қандай жақсы ақпарат білесіз? Ой бөлісіп отырыңыз, жақсы адамдарым! - деп жазды Қарақат Әбілдина. 

Әншінің бұл ойын оқырмандары да қолдайтынын жеткізді.

- "Қандай әдемі! Өте дұрыс айтасыз! Қарлығаштың салған ұясын бұзуға болмайды! Береке берсін! Бірге бақытты өмір сүре беріңіздер! Тілектеспін!", "Қарлығаш ұя салған үйлер, қандай ыстық деп, кейін балаларыңыз есіне алып жүретін болсын", "Өте дұрыс айтасың! Менің нағашы атамның үйінде де ұрыс-керіс болмайтын,онда да қарлығаш жылда келіп кететін ұясына,менің балалық шағым сонда өткен еді, есіме түсіп отыр", "Анам марқұм қарлығаштар үшін ескі үйді бұзғызбай,қызғыштай қоритын.Жылда келіп балапан өргізетін.Анам кетті,үй бұзылды,қарлығаш көрмегелі қанша жыл", "Қарлығаш ұя салса, сол отбасы байып кетеді дейді! Бізде солай айтады. Біздің де сарайга ұялар салган, қазыр шукір Аллага баймыз!", "Қыдырәлі атына заты сай,қыдыр дарыған адам,көріпкелдік бар,қасиетті қастерлесе,ол одан да биік" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Қазақ тағы бір нар тұлғасынан айырылды
Қайрат Нұртас құны 60 миллион тұратын көлігін көрсетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу