Айқын әйеліне өте қымбат көлік сыйлады (видео)
Белгілі әнші Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалиға жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- @sankobai енді тасып жүретін машина осы! Құтты болсын жаным! @zhuldyzomirgali_official Темір тұлпарың тозып, өзің тозба!!! Жақсы көрем сені. Құттықтауларыңызға рахмет! - деп жазды Айқын Төлепберген.
Ал, желі қолданушылары әншінің жарын жарыса құттықтауда.
- "Сіз мамасын сүйіп қойғанға Санкобай бір түрлі қарап отыр. Тұлпар құтты болсын. Дөңгелегімен жақсылықтар дөңгелеп ілесіп келе берсін. Бізге де жұғысты болсын", "Пах-шіркін! Айқындай байың болса күшті ғой", "Кезінде карантинде жылап еді той жоқ ақша керек деп", "Керемет.. Өз еңбектерің ғой игіліктеріңе жарасын!", "Ещё жылайсындар той жоқ, карантин, ақша жоқ деп", "Ересек ұлдарына да көлік әперген шығар әйтпесе өкпелейді ғой", "Құтты болсын, игілігіне пайдалансын" - деп жазды олар.