Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева Мемлекет басшысына үндеу жасады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Ал мынаған не дейсіз? Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы @tokayev_onlinе. Ал , Амандық Баталов мырза, сіз қандай шешімге келдіңіз? @amandyk.batalov
Біздің мемлекетте, министрлер, әкімдер, депутаттар, сырттан келген заңжоба, ұсыныстарды мемлекет басшысымен, халықпен санаспай шеше беретін болыпты ғой, сол үшін үшін сұрап жазып отырмын. О заман да, бұ заман , харамнан ақша жасаған мұсылман елі көгеріп пе еді? Ненің етін жесең, соның мінезін аласың! Шошқа малын алла, харам етіп жаратты! Бірақ, оның да миссиясы бар!
Шошқа:
Өз нәжісін жейді!
Жылына 2-3 рет 8-12 -ден торайлайды.
12 емшегін 12 торай емеді, әрқайсысы ұстаған емшегін емеді екен. бір торай емген емшекті екінші торай ембейді екен (шошқаның етін жеген бауырмашыл болмайды). Егер торай 12-ден асып туылса, 12 емшектен артылған торайларын өзі жеп қояды екен (мейірімсіздік). Шошқалардың еркек торайы өскенде, анасына "шаба береді" екен ( міне, европаның, батыстың жағдайы). Лас суда, батпақта шомылады! Тағы айта берсең көп. Жылқы малы олай жасамайды! Тіпті жатып ұйықтамайды. Тек ағын судан ішеді! Міне біздің тектілігіміз! Ал шошқа, харамның бәрін жасайды - деп жазды әнші.