Бір аптада 13 адам кісі қолынан мерт болды
01-08-2022
Шығыс Қазақстан облысының санэпидқызметі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас қатысты деген тойға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде болған тойдың видеосы тараған болатын. Желі қолданушыларының сөзінше, тойда Қайрат Нұртас та болған. Артынша ролик Желіден өшіп кеткен.
- 23 наурыздан бастап әлеуметтік желіде танымал әнші қатысқан Семейдегі тойдың видеосы тарап жатыр. ҚР және облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жаппай жиындарға әлі де тыйым салынады.
Эпидемиологиялық талап бұзылуына байланысты той өткен мейрамхана иесіне қатысты қажет материалдар полицияға жіберілді. Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары істі қарастырып, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша шешім шығарады, - деді ведомство өкілдері.
Семейде шектеу шаралары кезеңінде санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша рейдтер әлі де жүріп жатыр. Бизнес субъектілеріне қатысты айыппұл - 230 айлық есептік көрсеткіш.