Белгілі әнші Жазира мен анасының суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Белгілі әнші Жазира Байырбекова мен анасының суреті көп жүрегін елжіретті. Бұл сурет әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
- Ананың перзентіне деген махабаты мен ризашығы күшейген сайын перзентінің жолы ашылып,істері берекелі болады! - деп жазды ол.
Ыстық махаббаттан хабар беретін суретті көрген көпшілік әнші мен анасына жылы лебіздерін білдіруде.
- "Қандай күшті Ана алақанын сезіну", "Ең жұмсақ Ананың алақанына баталы жүрегіне дүниеде жетер ештеңе жоқ өте дұрыс айтасың Ананың ризашылығы баланың ақ нақ жолы", "Анасы баласы үшін күнде дұға тілесе ,жолы болады балалардың, Аллаһтың қалауымен", "Дұрыс айтасыз! Ата-ана дұғасы Кері қайтарылмайды деген рас!", "Па, шіркін! Ананың аялы алақанының астында,мунсыз, уайымсыз ұйыктап жаткан Жазира", "Ананың махаббаттына не жетсін анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" - деп жазды желі қолданушылары.