Қайрат Нұртас пен әйелінің ажырасып кеткені рас па? (видео)
Белгілі әнші Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Абдукаримовамен ажырасып кеткен бе? Бұл сыбыс екі-үш күннен бері көпшіліктің арасында желдей есіп жұр. Ал, бұл сұраққа қос жұп өз жауаптарын берді.
Қазақ эстрадасындағы қос жұптың мына видеосы олардың бірге екендіктеріне жауап бергендей болды. Бұл видео juldyzdar_news Instagram парақшасында жарияланды. Ал, көпшілік олардың бірге жүргендеріне қуанғандарын айтып, жылы лебіздерін білдіруде.
- "Бақытты болыңдар айналайындар. Жұрттың сөзіне мән бермеңдер", "Жұрттың дегендерін неғыласыңдар... Өздеріңмен өздерің болсаңдаршы...", "Хайпты кез-келген адам жасай беретін болды", "Екеуі керемет жұп. Жұптарың жазылмасын", "Өздері ажыратып. Өздері қосып жатыр", "Бұлардың ажырасуы мүмкін емес", "Аллам сіздерді тіл көзден сақтасын. Сіздер жарасымды жұпсыздар", "Отбасы болған соң бәрі болады ғой, бір бірін жақсы көріп тұр басқа не керек", "Орталарында бір салқындық сезіліп-ақ тұр. Аллам сіздерге мәңгі бірге болуларынызды нәсіп етсін. Керемет әдемі жұпсыздар", "Отбасы болған соң барлық жағдай болады Қайрат пен Жұлдыз барлық жағдайдан өткен жандар ғой Бақытты болыңыздар!!!" - деп жазды желі қолданушылары.