Танымал әнші актер күйеуімен ажырасып кетті (фото)

Oinet.kz 22-01-2021 1834

Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембек Шәріп Серікпен ресми түрде ажырасты. Бойжеткен желі парақшасында жазылушыларына ажырасу туралы куәлікті көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Say mo.jpg

Ол бұл құжатты өзінің Instagram парақшасында жариялап, "тегімді қайтару ғана қалды" деген жазба қалдырған. Жазылушылардың бірі әншіден не себепті кезінде күйеуінің фамилиясын алуды ұйғарғанын сұраған. 

image.png

- Шамасы, ол бұл адамды қатты жақсы көріп, оған сенген болармын. Әрине, оны және оның отбасын риза ету үшін, - деп жауап берді Мөлдір. 

Сонымен қатар, ол тағы да ажырасудың себебін түсіндіретін жазбамен бөлісті. 

Онда желі қолданушыларының бірі "енесінің абъюзер (зорлық-зомбылық көрсетуші- ред. ескертпесі) болғаны және оны кез келген жолмен қорлауға тырысқаны" үшін Мөлдірді сынағандарға түсінбестік танытқан. 

Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Мәдина Сәдуақасова өзіне қатты ұқсайтын сіңлісін көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу