Айнұр Тұрсынбаева тұңғыш рет анасын көрсетті (фото)

Oinet.kz 21-01-2021 2133

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке бірінші рет анасын көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz. Анасына жазба арнаған обұл фотоны Instagram парақшасында бөлісті. 

Айнұр Тұрсынбаева анасы.jpg

- Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам осы кісі.. Аты Манат.. Мен бірақ қазақтың менталитетімен шешемді шеше демеген адаммын.. Әлі күнге атымен айтамын..Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын..@karakat_a орындайтын "Аяулы анам" осы кісіге арнап жазылған... Марқұм апам өле-өлгенше бөлектеп қызғанып өтті... Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетіп кетті..Бүгін Аллахтың қалауымен анамыз 63 жасқа толып жатыр..Аллах бұл кісіні сүйеді.. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр.. 11 немересінің сүйікті әжесі.. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын...Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес..Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс... Лайым, аналарымыз аман жүрсін... Қайырлы түн құрметтілерім! - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

«Шыңғырып қолымда өмірден озды» - Рамазан Стамғазиев (видео)
Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу