Тәуекел Мүсілім сұхбат барысында тоқтаусыз жылап қалды (фото, видео)
Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әкесі Сабыр Мүсілім туралы айтып, көзіне еріксіз жас алды. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбаты барсында жеткізді.
Актер үнемі әкесінің үмітін ақтауға тырысатынын жеткізді.
- Өзімді ұстаймын деп ұстай алмай қаламын әрдайым. Әрдайым мойындаса екен деп тырысатынмын. Осы мойындау тақырыбы қиын ғой негізі. Лайықты баласы болайын деп. Мені жатсынбасын деп, менен ұялмасын деп тырысатынмын. Жалпы сондай бір іште толмай қалған сезім ғой. Бала кезімде лайықты ұл болуға тырысатынмын. Мені әлсіз көрмесін, мықты, баласындай көрсін деп тырысатынмын - деді Тәуекел Мүсілім.
Сондай-ақ, Тәуекел әкесі жан тапсырар сәтте жанында болғандығын айтты.
- Ол кезде төртінші курсты тәмамдап жатқан едім. Біз дипломдық жұмысқа дайындалып жүрген кезіміз. Дипломды қорғауға бір апта қалған кезде, папамның інісі көкем хабарласты. Келіңдер, уақыт таяп қалды деп айтты. Біз кешкісін анам екеуіміз жолға шығып кеттік. Бардық. Өте қиын жағдай болды. Ол кісі ірі кісі болды ғой, бойы ұзын. Мен келген кезде танымай қалдым ол кісіні. Мүлдем бойы шөгіп қалған, қарт кісі. Ол кісі ешкімнен қорықпайтын. Ешқашан қорқыныш көрген жоқпын ол кісіден. Әрдайым өзіне сенімді, мықты кісі. Бұл жерде Алла Тағаланың құдіреті ма!? Көзінен бірден көрдім ұшқын пайда болды. Маған қарап тұрды да, қолымды қысады. Қолымды қысқан кезде ол кісінің көзінен қорқыныш көрдім. Алғаш рет. Көмектес деген сияқты айтқысы келді. Өте қиын жағдай - деді актер.