Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Белгілі әзілкеш Нұрдәулет Шертім кезінде Елбасының күйеу баласы Рахат Әлиевтің шапалағының дәмін татқанын жеткізді. Бұл оқиға қалай орын алғанын "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтып берді.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың: "Сізді марқұм Рахат Әлиевтің шапалақпен ұрғаны рас қой, иә?" - деген сауалына әзілкеш өз жауабын берді.
- Иә, рас. Көктем болатын. 2005-2006 жыл, сол уақыттар болатын. Бізді өнер көрсетуші актер ретінде шақырды. Ол кезде КВН-нің әзілдерін тойға жарамды, жақсы әзілдерді бәрін жиып, әдемілеп көрсететінбіз. Соның біреуі жоғарыға жеткеннен кейін бізді қонаққа шақырды. Үш-төрт жігіт болып бардық. Әзілімізді көрсеттік. Олардың көңілінен қатты шықты. Неге десе бірінші интеллектуалды, әдемі әзілдер айтатын. Мынадай әзіл болып қалды қателеспесем, біз айттық: "Нұрсұлтан Әбішұлы сізге бір-екі сұрағымыз бар еді. Соны сізге қойсақ жауап бересіз бе!?" - дедік. Ол кісі: жауап беремін деді. Ол кісі ойлаған жоқ. Біз музыкамен бәрін дайындап қойғанбыз. Әр жерде, телевизорда сөйлеген дауыстарын кесіп-кесіп қоямыз ғой. Нұрсұлтан мырза мынау біздің Рахат Әлиев ағамыз, Егемен елді алғанымыз үшін үлкен мерейтой жасағысы келіп тұр соған қалай қарайсыз!? - деп. Сосын жаңағы кесіп алған звугы бар. Ол кісі мен келісемін деп айтады. Мерейтойды жасау үшін 100 миллион доллар керек екен. "Рахат Әлиев 100 миллион теңге жасағысы келіп тұр екен, соған қалай қарайсыз!?" - деген кезде бәрі күлді. Елбасымыз да күліп жатыр. Бұл енді тұңғыш саяси қадам, саяси әзіл ғой. Лауазымды адамдардың көңілінен шықтық деп қуанады ғой адам. Біз ол жерден шыққан соң, бізді екінші рет шақырды. Біз жоғарыға көтерілген кезде марқұм Рахат Әлиев ағамыз күтіп алды. Ол кісі де энергиясы мол, сондай. Жүзі наглый болатын сондай. Ол кісі бір дестен менің ғана емес, үшеуміздің де бетімізден салып қалды. Дастанды, Нұрдәулетті, Даутты. Рахат ағамыз: "Ауыздарыңа ие болып жүріңдер! - деп айтты - деді Нұрдәулет Шертім.