Рахман Омаров бірінші әйелі туралы шындықты айтты (фото, видео)

Oinet.kz 04-01-2021 4050

Отандық танымал театр және кино актері, тележүргізуші Рахман Омаров бірінші әйелі мен ұл-қыздары туралы баяндады. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбаты барысында айтты. 

Рахман Омаров.png

- Жалпы бұрын тағдыр деген сөзге онша мән бермейтінмін. Тағдыр ғой. Жазмыштан озмыш жоқ. Бірақ тағдырға, маңдайға жазғанмен оны сәл өзгерту адамның қолында. Бірақ, енді уақытты қайтара алмайсың. Қайтып келмейді. Өткен өмір ақ ұяшық боп қалады деп ойлаймын - деді Рахман Омаров.

Журналистің өзіңізді кінәлі сезінетін кездеріңіз бола ма деген сөзіне жауап берді.

Рахман Омаров тойы жары.png

- Әрине! Кінәсін сезініп жатқан адам ол өмір сүріп жатқан адам ғой. Жалғыз қалған кезде өзімді кінәлі сезінемін. Өйткені жалғыздың жары Құдай дегендей, жалғыз қалған кезде адам өзі көп ойларға кетеді, космосқа қарай кетеді. Ойланады. Өткеніне көз жүгіртеді. Есеп береді. Енді менің бір мақтанышым, барым да бағым да дүниеге әкелген сәбилер ғой. Анасы ортақ балаларымызға керемет тәрбие берді. Ең бастысы сол. Енді өкініш қалады адаммен. Бұл жерде енді шешіліп, көсіліп ештеңе айта алмайсың.Өткенді өшіре алмайсың. Енді тілерім балаларға ғұмыр берсін және олардың аяғынан тұрып, қалыптасып кетуіне Алла маған күш берсін деп қана тілеймін - дейді актер.

Рахман Омаров балаларымен.png

Танымал әншілердің кішкене күніндегі фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш «Жыл жұбы» номинациясын иеленді (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу