Гүлзира Айдарбекова ең алғашқы махаббаты жайлы айтты (видео)

Oinet.kz 21-12-2020 3854

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алғашқы махаббаты туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

Гүлзира Айдарбекова.png

Гүлзира ханым оқушы күнінде-ақ бозбалалардың арманы болған. Тіпті оны махаббаттың символы деп атағандар бар. 

- Мен 8-сынып бітіріп, 9-сыныпқа барғанда 19 жігіт хат жазды. Маған көңіл білдірді. Мен мектепте белсенді едім. Содан көзге көп түстім. Ол кезде жігітпен қыдыру, кездесу деген әңгіме жоқ. Мектепте оқып жүргенде кездескен жігітім болды. Ол ең алғашқы махаббат. Біз өзгелерге үлгі болдық. Біз секілді жүргісі келетін. Бізді қосылмай кетеді деп ешкім ойламады. Кейін мен тұрмысқа шыққанда бәрі таңғалыпты. "Гүлзираның өзі жігітін әскерден күтпегенде, сен күтесің бе?" деп ауылдың жігіттері қыздарды айыптайтын болыпты. Ол жігіт туралы ашық айтқым келмейді. Ол балалық сезім ғой. Нағыз махаббатым қазіргі жолдасым. Қайрат нағыз махаббаттан туған бала, - деді Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы мен әкесінің видеосы желіні шулатты (видео)
Қайрат Нұртастың отбасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу