Қайрат Нұртастың әкесі мен анасының махаббаты көпшілікті тәнті етті (фото, видео)

Oinet.kz 14-12-2020 1381

Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы мен әкесінің махаббатқа толы видеолары көпшілікті сүйсіндірді. Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековтың Алматы қаласына жасаған саяхаттары барысында түсірілген видеолар желі қолданушыларының қызығушылығын туындатуда. Бұл естеліктермен продюсер Instagram парақшасында бөлісті. 

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков.png

- Шыңға шықтым. Қаласаңыз сізде осылай шығып, есте қаларлықтай өзіңізге көңіл бөлдіріп көріңіз. Бәрі де өз қолыңызда. Сіздерге бір секрет айтайын: адал жүрек пен қылықты болсаңыз болғаны, күйеуіңізді жұмсаңыз жұдырығыңызда, ашсаңыз алақаныңызда ұстайсыз, шын сөзім!  Маған сеніңіз, сізде де бәрі жақсы болады - деді Гүлзира Айдарбекова. 

Қос жұптың бақытты сәттерінің куәсі болған көпшілік ыстық лебіздерін білдіруде.

- "Қандай тамаша! Сіздердің махабаттарыңызға қарап қызығып отырмын! Гүлзира біз құрдаспыз. Осы ән ұмытпасам біз оныншы класста оқып жүргенде шықты. Пластинканы қойып армансыз вальс билеуші едік. Біз елуден астық, көңіліміз сол он жеті жастағыдай", "Бақытты қартаю деп осыны айтыңыз. Керемет!", "Өте әсерлі шыққан. Жастарға үлгі болар отбасы деп білемін", "Керемет, қандай күшті, "Ескірмеген махаббат"- деген осы шығар сірә! Сіздердің жолдарыңызды біздерге нәсіп етсін, керемет үлгі алардық отбасысыздар", "Керемет! Алла сіздерге екі дүние бақытын нәсіп етсін" - дейді желі қолданушылары. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Ерке Есмаханның Дубайдан үй алып, көшіп кеткені рас па? (фото)
КешЮ-дің экс-солисті Балжан Бидаш құрылысы бітпеген үйде тұрып жатыр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу