Ерке Есмаханның Дубайдан үй алып, көшіп кеткені рас па? (фото)

Oinet.kz 11-12-2020 1834

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан отбасымен бірге Дубайда қыдырып жүр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты.

Ерке Есмахан ұлымен.png

Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жүктеген фотосының астына Дубайдың жанына майдай жағып қалғанын, көшіп келетін ойы бар екенін сөз арасында айтып қалды. 

- Отбасыммен суықтан қашып, шуақты Дубайға келдік. Көшіп кеткен жоқпын, көшпейтін де шығармын, Дубайдан үй алайын десем, ууудай қымбаат... Дубайдың жылы ауасы майдай жағып, біраз осында қалатын сияқтымын. Біз тоқтаған отельдің аурасы, қызмет көрсету сапасы, дәмді асы тіпті ғажап! - Ерке Есмахан. 

Ал, әншінің бұл сөзіне желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде. 

- "Суықтан қашқыштар елге ауру әкелмесеңдер болғаны. Осындай қиын сәтте аздап шыдап отыра тұруға болмады ма?", "Ел басына күн туса осылар ғой бірінші қашып кететін", "Ақшалары көп әртістердің бәрі шет елде демалып жүр жақсы демалып келіңдер біз Алла қаласа елімізде жүре берейік суық болса да", "Ковид алып келмесеңдер болды", "Маған да отбасымен бару бұйырсын", "Жақсы демалыңдар" - дейді желі қолданушылары. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Қайрат Нұртастың әкесінің видеосы желіні жарды (видео)
Қайрат Нұртастың әкесі мен анасының махаббаты көпшілікті тәнті етті (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу