Ерке Есмаханның күнделігі аукционда 1 млн теңгеге сатылып кетті (фото)

Oinet.kz 04-11-2021 1033

Танымал әнші Ерке Есмахан көпшілікке төл туындысын ұсынды. Алайда әнші әдеттегідей ән немесе бейнебаян емес, бұл жолы атаулы күнделік шығарып, ерекшеленді. Сүйіктісі Aзамат Зенкаевтың "Ту" атты бейнебаянының таныстырылымы кезінде Ерке де қалыс қалмай, күнделігінің тұсаукесерін өтікізді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев тыңдармандары мен жанкүйерлерін жаңа бейнебаянмен қуантты. AZ лақап атымен танымал Азаматтың "Ту" деген атаумен қалың тыңдарманға жол тартқан бейнебаянының таныстырылымы кеше кешке, отандық жұлдыздардың қатысуымен өткен. Бір ерекшелігі, бейнебаянда актриса ретінде Ерке Есмахан бой көрсеткен. Бұдан бөлек, кеште тағы бір туынды ел назарына ұсынылды. 

image.png

Ерке Есмахан қыз-келіншектерге, бойжеткендерге арнап "Куә бол" деп аталатын күнделік шығарған. Баспагерлікке бет бұрған әнші бұл жаңа өніміне сатылымды ашық деп жариялап, жиналған жұлдыздар арасында аукцион ұйымдастырған. Кештің көркін қыздырған аукционда су жаңа күнделік 1 млн теңгеге сатылды. Күнделікті танымал блогер Айнұр Асанберді сатып алған. 

Бұл туралы блогер Айнара Байжан өзінің Instagram желісінде мәлім етті. 

- Аукционда осы блокнотты Мәдина Сәдуақасова 500 мың теңгеге сатып алғысы келген. Айнұр Асанберді 1 млн теңгеге сатып алды, - деп жазды ол. 

image.png

Кәмшат Жолдыбаеваның биі желіде хитке айналды (видео)
Мейрамбек Бесбаев 45 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу