Анасын есіне алған Қарақат Әбілдинаның жазбасы жүректі елжіретті (фото)
Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдина қаза болған анасын есіне алып, көпшіліктің көзіне жас үйірді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.
Әуелі жолдасы Қыдырәлі Болмановтың анасын туған күнімен құттықтаған ол, анасына деген сағынышын жеткізді.
- Ақ тілеулі алтындарым,ақ жаулықты асылдарым! Тәп-тәтті болып отырған түрлеріңнен айналдым. Бұл да бір өткен дәурен екен ғой,барлық аналарымыздың басын қосып өткен жылы көктемде естен кетпес күндерді бірге өткізген едік. Сол күндерден естелік болып сақталған фотоға қарап отырып, бүгінде анашымның арамызда жоқтығы өзегімді өртейді. Аналарымыз бар кезде ғана баладай шын бақытты екенбіз ғой - деді Қарақат Әбілдина.