Жазира Байырбекова мен анасының фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 17-11-2020 1506

Қазақстандық белгілі әнші Жазира Байырбекова анасымен түскен суретін жариялап, ел жүрегін елжіретті. Желідегілер анасы мен қызының махаббатына тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдіруде, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында анасымен түскен фотоларын жариялап, оқырмандарын бір қуантты. Өнер иесі анасын қатты құшақтап ұйықтап жатқан фотосын ел назарына ұсынып, ол туралы қызықты мәліметпен бөлісті.

Әншінің айтуынша анасы Алматыға балаларына келіп тұрғанымен, олардың қасында көп болмайды екен. Ол кісі бірнеше күннен соң, келінін сағынғандықтан өз үйіне қайтқысы келетінін айтатын болып шықты.

- Мамам Алматыға келсе “Шолпанымды сағындым, Шолпансыз ешқайда барғым келмейді” деп қайтуға асығады. Мұндай сабырлы,мейірімді келін әрбір ата-ененің бағы. Анамның жанында осындай алтын жеңгемнің болғаны үшін Аллаға шүкір! Ата-аналарыңызбен бірге тату-тәтті тұратын,шәйін құйып беретін келіндер мен жеңгелерден айналып кетесің, - деп жазды Жазира Байырбекова.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Алтынай мен Қайраттың 15 жыл бұрынғы фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Анасын есіне алған Қарақат Әбілдинаның жазбасы жүректі елжіретті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу