Тұрсынбек Қабатов басынан өткен оқиғасын айтып көпшілікті күлдірді (видео)
Тұрсынбек Қабатов коронавирус кезінде басынан өткен оқиғасын айтып көпшілікті күлдірді.
Тұрсынбек Қабатов коронавирус уақытындағы карантинде басынан өткен оқиғасын айтты.
- "Карантиннің бірінші жартысы қиын болды. Халық кәдімгідей шошыды. Өзіміз де шошып, үйге келген азық-түлікті антисептикпен тазаладық. Тағамның бәрі антисептик татып кетті. Бастапқы екі ай ауыр болды. Әсіресе ер адамдар түзде жүріп үйреніп қалған соң оларға, үйде қамалып отырған оңай болмады. Дегенмен адам бәріне үйренеді. Кейін ақырындап үйрене бастадық", - деді әзілкеш.
Қабатов карантин кезінде қайырымдылық жасап, көмекке мұқтаждарға қолын созды. Бір біргеміз жобасымен қайырымдылық жасады.
- "Біз біргеміз" деген ұранмен бәрі көмекке ұмтылды. Сонда бір досым хабарласып, бәрің қайда жүрсіңдер дегені бар. Біз біргеміз дегенді түсінбеген ғой. Мен үйден шыға алмай отырмын, сендер қайда жүрсіңдер деп сұраған еді", - деп Қабатов көпшілікті ду күлдірді.