«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Баян Алагөзованің кіші қызы Айару шетел асып, білімін шыңдамақ. Айару бірнеше жылдан бері ағылшын тілін оқып жатыр. Американың Лос-Анджелес қаласына баруға ниетті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бәріне белгілі болғандай, Айару Бақытбек бірнеше жылдан бері ағылшын тілін оқып, үйреніп жүр. Соңғы уақытта тереңдете білім алуда. Американың Лос-Анджелес қаласына аттанып, бизнес мамандығының қыр-сырын меңгермек ниетте.
"Айару 9-сыныптан соң шетелге кетпек болған. Бірақ мен рұқсат еткен жоқпын. 11-сыныптан соң барам деп дайындалып жүр. Бірақ әлемде не жағдай болып жатқаны бәріңізге аян. Көреміз енді, бұйырса барып қалар", - деді продюсер.
Айару бала күнінен-ақ ас үй шебері екенін жанкүйерлері біледі. Ол дәмі тіл үйірер тағамдар пісіріп, таңдай қақтырып келді. Алайда болашақ мамандығын бизнеспен ұштастырады. Бизнестік білімін жетілдіріп, кондитерлік орын ашуды ойластырып қойған.