Nur Otan партиясының отырысында қандай мәселе көтерілетіні белгілі болды

Oinet.kz 28-08-2020 953

Бүгін, 28 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен саяси кеңес бюросының отырысы өтеді. Елбасының баспасөз хатшысы отырыста қандай мәселелер көтерілетінін айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Отырыс туралы ақпарат Айдос Үкібайдың Twitter-аккаунтында жария болған. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы жариялаған мәліметке сәйкес, отырыста партиялық "қайта ретке келтіру" мен праймериз басты тақырыпқа айналады. 

- "Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңес бюросының отырысы өтеді. Бюро мүшелері партиялық "қайта ретке келтіру" бағдарламасының жүзеге асыру барысы мен ішкі партиялық сайлаулар - праймеризді өткізу мәселелерін қозғайды деп күтілуде", - деп жазған Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. 

Еске салсақ, бұған дейін 17 тамыз күні Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым әрі Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңес бюросының отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз. Отырыс жоспар бойынша 24 тамызда өтуі тиіс еді. Алайда 21 тамыз күні партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек отырыс бір күнге шегеріліп, сейсенбі 25 тамыз күні өтетінін хабарлаған. Кейін отырыс тағы да кейінге шегерілетіні, нақтырақ айтқанда, 28 тамыз күні өтетіні анықталды. Осылайша отырыс екі рет кейінге шегерілген. 

Тым ашық киінген әнші Алтынай елдің ашуын тудырды (видео)
Фариза Төреәлі жеңгесі туралы бар шындықты айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу