Жаңа образға көшкен Роза Әлқожа қатаң сынға қалды (фото)

Oinet.kz 28-08-2020 2213

Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Әлқожа желіде өз оқырмандарының аяусыз сынына ұшырады. Көпшілік бір кезде оранып киініп, басынан орамал тастамай жүрген әншінің енді шашын жайып тастағанына шүйлігіп шыққан, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Роза Әлқожаның Instagram желісіндегі әрбір суретінің астына орамалға қатысты өткір пікірін жазған адам табылады. Көпшілік бұған дейін орамалды шешпей тағып келген өнер иесінің бұл қылығын түсіне алмай, оған сұрақтарын да жаудырған. Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына сүйенсек, ол жақыннан бері шашын жая бастағанын байқауға болады. Оған дейін эстрада өкілі жабық киініп, тіпті сахнаға оранулы күйде шығып жүрді. Желі қолданушылары Роза Әлқожаға орамал бірде тағып, бірде шешіп тастайтын ойыншық емес екенін ескертті. 

- "Роза сіз оранып намазға жығылып жүрген едіңіз, қандай үлгі беріп отырсыз.Сол үшін рухани дайындықпен келу керек намазға. Елге күлкі болмай. Бұл уақытша құбылыс емес қой. Мен кәдімгідей таң қалам сізге. Қиналғанда намазға жығылып, қайтадан ашылып шашылып дұрыс емес" , "Орамал тағып болмай жүр едіңіз, енді шашты жайып шыға кепсіз", "Орамал қайда?" , "Басымнан орамал тастамаймын деп едіңіз. Енді не болды? Батысқа қарай бас ұрдыңыз ба?" , "Орамал тастамаймын орамалмен туғандаймын деп, Меккеге барып келып сөз беріп едің. Енды орамалды қойып шашты жайып алыпсың. Бұл әрекетін ерсілеу . Өнеріне сөз жоқ керемет әншісің" , - деп жазуда көпшілік. 

Баян Мақсатқызы: «Ана болуға дайындалып жүрмін»
«Мен өте көп күнә істедім» - Алмат Сақатов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу