«Мен өте көп күнә істедім» - Алмат Сақатов

Oinet.kz 28-08-2020 1382

Алмат Сақатов пендешілік жасап, тіпті істі болса да өнер адамына жақсы жағынан қарау керек деген пікірде. Бұл ретте ресейлік актер Ефремовтің әрекеті мен қазақ актері Ерлан Біләлдің әрекетіне баға берді. 

image.png

Әңгімені қоғамдағы ұлттар алауыздығынан бастаған ол жаны қазақ деп соғатынын айтады. Алмат Сақатов саясатты "мәдениетті жезөкше" деп атады. 

- "Орыстардың сөзі бар "Саясат - ол мәдениетті жезөкше" дейді. Яғни Қытаймен әлдене бірлесіп жасау керек болса, Қытайға жақындаймыз. Орыс керек болса, сол жаққа жақындайыз. Саясат деген сол. Мағынасы да сол. Мен өз басым саясатқа барғым келмейді. Мен әлсізбін. Бір адам үшін, отбасы үшін жауап беру оңай емес. Бүкіл халық үшін жауап беру маңызды нәрсе", - деді актер "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында.

Театр әртісі депутаттыққа барған Нұрлан Әлімжанның орнына өзі барудан бас тартатынын айтты. Әріптесі Ерлан Біләлдің әрекетіне баға берді. 

- "Мен Ерлан Біләлге қатысты пікір айтқым келмейді. Оны істі болған соң да Абай рөлін сомдады деп айыптайтындар бар. Бұған лайық па деп те сынайды. Бірақ мен одан айып көрмеймін. Адамның, әртістің жақсы жағын алу керек. Адам болған соң пендешілік болған шығар. Мысалы, Мұқағали Мақатаев періште емес. Ол да ішімдік ішті деп айтамыз. Бірақ кітабын оқимыз ғой. Оны жек көріп кеткен жоқпыз ғой", - деді Сақатов.

Актер өзінің көп күнә істегенін айтып, Алладан көп кешірім сұрайтынын айтады. 

- "Егер менде Алламен жүздесу мүмкіндігі болса, көп кешірім сұрайтын едім.  Себебі күнәм көп. Көп қателік жасаған адаммын. Өтірік айттым. Әкеммен ұрыстым. Бауыржан шоуда жүргенде кеудеме нан пісіп, тәкаппар болдым. Айта берсек көп. Сондықтан жаратқаннан көп мәрте кешірім сұрауға дайынмын", - деп сөзін аяқтады Сақатов. 

Жаңа образға көшкен Роза Әлқожа қатаң сынға қалды (фото)
Тым ашық киінген әнші Алтынай елдің ашуын тудырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу