Баян Мақсатқызы: «Ана болуға дайындалып жүрмін»
Отандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы ана болуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты «The Эфир» жобасына сілтеме жасап.
Сұқбат барысында қойылған "Ана болғың келмей ма?" деген сұраққа продюсер жүрек сырымен бөлісті.
«Әрине, Тұрсен тағы ұлды не қызды болғысы келетінін сеземін. Екі баланың анасы ретінде, ана атану бақыт екенін жақсы білемін. Сәбидің алғашқы қадамдарын, алғашқы сөздерін қайта еске түсіргім келеді. Бұл бақыт қой», - дейді 45 жастағы танымал продюсер.
Онымен қоса, қайта ана атану үшін денсаулықтың болу керек екенін, үш жыл бойы сол денсаулығын түзеп, дайындық үстінде, ана атануға қарсы емес екенін жеткізген.