Белгілі әзілкеш әкесі жайлы бар шындықты айтты (видео)

Oinet.kz 26-08-2020 1090

Әзілкеш, КВН-ші Елдос Қадірханов асқар тауынан ерте айырылған. Әзілкеш әкесі жайлы шындықты айтты. Ол әкесінің 10 жыл бұрын қылмыскерлер қолынан қаза болғанын ашық жеткізді. 

image.png

- "Менің он жасымда әкем қайтыс болды. Ауырған адам емес. Кәсіпкер болатын. Ет бизнесімен айналысатын. Өзі білетін ортасы дұшпандық етті. Жау алыстан келген жоқ. Ақшасы барын білетін адамдар өлтіріп кетті. 500 мың теңге ақша үшін адам өлтіруге барған. Қылмыскерлер өзі араласып жүрген ортасы болып шықты. Ол кезде 500 мың ақша 5 млн теңге секілді құны бар еді ғой", - деді Елдос Зарина Мүслімге берген сұхбатында. 

Әзілкеш адамның ортасы жақсы болғанына терең мән береді. Анасы да үнемі араласып жүрген ортасының жақсы адамдар болуын талап етеді екен. 

- "Менің өз ортам жақсы. Достарым адал. Сынымызды да, мінімізді де айтып отырамыз. Сын айтса ғана түзеледі. Адамның ортасы жақсы болу керек", - деді әзілкеш. 

Әнші Әли Оқапов халыққа жасырып келген құпиясын айтты (видео)
Нұрлан Қоянбаев Түркияда әйгілі Неслихан Атагүлмен кездесті (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу