Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Oinet.kz 20-08-2017 3615

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын айтты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды. 

img_20191024_171703-780x470.jpg

"Бәрін бақылап, бәрін оқып, бәрін ескеріп, бәрін көріп отырмын! Өмір-ай өмір, өтесің де кетесің бір-ақ сәтте! Адам боп туу-анадан, ар жағы кім боп кететінің-өз қолыңда! Жан жағымда боп жатқан көп нәрселер жүйкемді жұқартты! Кетем мен күйеуге! (Ол жақта проблема аздай, дешиш)", - деп жазған орындаушы.

БАҚ-тарға берген сұхбаттарының бірінде Ерке Есмахан сүйіктісі жоқ екенін, алайда ұсыныс жасайтындардың көп екенін мәлімдеген болатын.

 "Маған әрқашан гүл сыйлайтындар бар, бірақ мен ешқашан оларға жауап бермеймін, жүрегім әлі де бос", - деген еді әнші.

Айта кетейік, әншінің бір ұлы бар. Алайда, әнші өз өмірін жария еткісі келмейтінін бірнеше рет айтқан.

Әнші өткен жылғы жазбаларының бірінде жар атанып, сәби сүюді армандайтынын жазған болатын. 

"Қыз мұраты кету деген еді ғой қазақ атам. Осы мұратқа жеткен қыз баласы еріне асыл жар, сәбиіне ана атанады... Қазір кей қыздардың өмірлік ұстанымы өзгеше: мансап, ақша, саяxат, білім қуу... Бәрібір, әйел бақыты ол - перзент сүю. Мұны кез келген әйел баласы өмірдің белгілі кезеңіне жеткенде түсінеді... Бірі ерте, бірі кеш. Айтпағым осыны ерте түсініп, жар болуға, содан кейін ана атануға талпынса екен. Мен де жар атану, тағы да сәби сүю деген арманымды "аялап" жүрмін. Жаратқан бұйырған күні ол арманымның алдамағанына көз жеткізетініме сенемін!", - деп жазған еді әнші.

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды
Мұхаммедали Жүгінісов: «Қайрат Нұртастың шығармашылығы маған ұнамайды» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу