Қайрат Нұртастың анасы саябақта күтпеген жағдайға тап болғанын жеткізді
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова карантинде отырып, іші пысқандықтан жақындарымен қыдырып қайтпақ болады. Саябақта отбасымен қадырып жүрген адамдардың көбі танымал әншінің анасымен суретке түскісі келген. Айдарбекова халықтың оны сағынғанын айтып, қуанышын жасырмады. Бұл туралы продюсен Instagram парақшасында жазды.
- «Таза ауаға қыдырып қайтайық деп кешкі астан соң серуендеп қайттық. Халықты мен сағындым ба десем, мені де халық сағынып қалған сияқты, – деп жазды Айдарбекова ханым.
Алайда кейбір адамдарға танымал продюсермен суретке түсу аздық еткен болса керек. Кейбір ата-аналар Қайрат Нұртастың анасынан балаларының аузына түкіріп беруін өтінген.
- Бүгін ғана инстаграммаңыздан бір келіншектің бөпесіне түкіргеніңізді көріп, қалай тапсам болады деп армандап қалып едім, тура алдымнан шықтыңыз деп, бір келіншектің бастағаны сол екен, түкіртетіндер көбейіп кетті. Жұртпен суретке түсіп, сағынышымды басып, балаша мәз болып қайттым», - деген продюсер оқырмандарына бақытты күндеріміз көп болсын, аман болайық деп тілек білдірді.