Ендігі мақсатым өзім үшін қыз туып алу - Ақбота Керімбекова

Oinet.kz 29-02-2020 2065

Әнші Ақбота Керімбекова  «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында өзінің болашаққа деген жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Әнші өзінің болашақта төртінші рет те тұрмыс құрып, балалы болуы мүмкін екенін, бәрі Алланың қалауымен болатын дүние екенін айтты. Мұны жеке өмірі болғандықтан, көпшілік алдында талқылағысы келмейтінін жеткізді. Дегенмен, «Өзім үшін бір қыз туып алсам деп те ойлаймын. Бірақ, арам жолмен емес, Алла алдында адал, неке арқылы балалы болу керек», - дейді Ақбота Керімбекова.

Сондай-ақ, Ақботаның айтуынша, оның қазіргі қазақ өнеріне көңілі толмайды. Себебі, өнерде әркімнің өз командасы, өз әншісі бар. Ақша жүрген жерде өнер бағаланбайды.

«Бүгінде нағыз әншілер тасада. Жеңіл әндер халыққа өтімді. Тез хит болады. Халықтың да сауаты жеңіл болып бара жатқаннан шығар мүмкін. Жастар тез танылудың жолын іздейді. Бірақ, олай өнерді ластауға болмайды деп ойлаймын», - деді Ақбота.

Әнші осы тұста үш адамды әнші деп мойындамайтынын да айтып қалды.

«Мәселен, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбекті, Саят Медеуовті әнші ретінде мойындаймын, ал Асхат Тарғынды, Сивиді әнші деп қабылдамаймын. Абай Бегейді де осы қатарға жатқызуға болады», - деді Керімбекова.


Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасына әсерлі жазба арнады
Роза Рымбаеваның ұлы мен болашақ келінінің бірге түскен фотосы тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу