Роза Рымбаеваның ұлы мен болашақ келінінің бірге түскен фотосы тарады

Oinet.kz 30-07-2020 2813

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның тұңғышы жақында отбасылы болуға қамданып жатыр. Желіде Әли Оқапов пен оның болашақ жары Ақерке Бүркітбектің ұсыныс жасалған күнгі фотосы тарап кетті. Қос ғашық қарым-қатынасын барынша жасыруға тырысқанымен, олардың арасында махаббат бар екенін көпшілік бұрыннан-ақ сезіп қойған.

Screenshot_1.jpg

"Асыл" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Ақерке Бүркітбай бұған дейін сүйіктісі өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған болатын. Алайда, өнер иесі желіде болашақ жолдасымен түскен фотосын емес, бір өзі тұрған суретпен бөліскен. 

Желі қолданушылары оған қарамастан, бірден Әли Оқапов екеуін құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты. Араға бірнеше күн тастап, ақыр-соңы Instagram желісінде қос ғашықтың бірге түскен фотосы тарап кетті. Онда Ақерке Бүркітбек Әлидің қасында сақинасын көрсетіп, құшағында үлкен раушан гүлдер шоғын ұстап тұр. 

Роза Рымбаеваның ұлы сүйіктісін көптен жасыруға тырысқанымен, жанкүйерлері оны "Асыл" тобының әншісімен бұрыннан бері қосып келді. 

Ендігі мақсатым өзім үшін қыз туып алу - Ақбота Керімбекова
Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының тұрмысқа шығуына пікірін білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу