Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден өтті

Oinet.kz 08-07-2020

Қалың көпшілікке "Терісқақпай" театры арқылы танылған белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Дайырбек Қаралы хабарды журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жеткізді. 

- "Курстасым Дархан Дайырбек те өтті өмірден. Алла алдынан жарылқасын! Ақжол, құлыншақ, бекем бол! Курстастарыма, Дарханның туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын! Ақ көңіл, жаны жайсаң жан еді. Кеше Жәмиламен сөйлескем. Бүгін түсіме кіріп еді. Таңғы 4-те оянып кеткем. Сезіп едім. Құдай-ай. Өзің сабыр бер", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында. Актердің әріптесі әрі досы Асқар Наймантаев та марқұм туралы әсерлі жазба қалдырды. 

- "Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой. Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, керегіңді жеткізсе де араша бола алмадық. Сенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым. Қабақ шытпай қиындықты жымиып жеңуші едің. Сенің қателігіңді де қайталай алмаймыз ау енді. Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын. Бақұл бол", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Ақан Сатаев Президент болып тағайындалды
"Антибиотик салмаңыздар": Индира Расылхан анасының қазіргі жағдайымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×