Қайрат Құдайберген қазіргі жағдайымен бөлісті
Өткен аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, ауруханаға жатқызылған Қайрат Құдайберген қазіргі жағдайын баяндады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Қайрат Құдайберген өзінен COVID-19 анықталғаннан бастап, өз оқырмандарына ауруы қалай өрбіп жатқанымен бөлісіп тұруға уәде берген. Бизнесмен ауруханада өткізген үш күннен кейін жағдайы жақсара бастағанын алға тартты. Ол бүгінде өзін он есе жақсы сезінуде екенін жасырмады.
Бұл туралы кәсіпкер өзінің Instagram желісінде жазды.
"Ассаламу алейкум құрметті қазақ елі! Көпшіліктің дұғасымен бүгін өзімді кешеге қарағанда 10 есе жақсы сезінемін. Бұл дәрігерлер мен сіздердің көмегіңіз деп ойлаймын. Қазағым "жақсы сөз, жарым ырыс" деп бекер айтпаған. Көптеген оқырмандар сіз қай жерде жатырсыз, сізге қандай дәрі беріп жатыр, қандай процедуралар істеп жатыр деген сұрақтар қойып жатыр. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны Емханаға әкелген сәттен дәрігерлер интесивті түрде жәрдем көрсетуде. Әрбір пациентке ем тағайындау индивидуалды түрде қарастыралады (адамның денсаулық жағдайына қарай). Маған арналған емдеу картасы бойынша, келесі дәрілер жазылды: ⠀ Глюкоза 500 мг, Аскорбинка 6.0, Зитмак (антибиотик), Физраствор 500, Дексаметазон, Цефтри. ⠀
Осы комплекстен кейін менің басымның айналғаны басылды, аяқтың қақсағаны мен денемнің ауырғаны қойды (бұл интоксикация салдарынан болатын жағдай деп түсіндірді дәрігерлер), температура түнде көтерілді бірақ айтарлықтай емес, максимум 37.7 дейін ғана. Денсаулығым қиындаса "Линозид" және басқа антибиотик қосты мүмкін, бірақ Құдайға шүкір қазір бәрі жақсы" , - деді ол.
Сонымен қатар, Қайрат Құдайберген өзін аяусыз сынап тастаған желі қолданушыларына да жауап берді. "Хейтерлер неге 3 адамға арналған, палатада жалғыз жатырсыз, неге коридорда жатпайсыз, неге жылайсыз, неге сізге Оскар бермейді дейді. Ал кеттік! ⠀
1. Бірінші хейтерлер сұрағына жауап берейін. Мен коронавируспен ауратын адамдарға арналған модульдік орталықтамын. Емхананы мен таңдаған жоқпын, палатаны таңдаған жоқпын, ешкімге пара беріп орналасқан жоқпын. 3 адамға арналған палатада 1 сағат қана жаттым, одан кейін бағым жанып Аллахтың қолдауымен, жазылып кеткен адамның палатасы босап сонда көштім. Палатаның мөлшері 3-4 шаршы метр, Ritz-Carlton емес. ⠀
2. Мен жылаған жоқпын (құдай сақтасын бұндай үшін жылауға). Қатты ауырған кезде көзге жас келу симптоматикасы бар. Гуглдан қараңыз. ⠀
3. Үшінші сұрақ бойынша, Голливудтағы Киноакадемияға ұсыныс жіберіңіздер. Құдай қаласы тарихта қазақ елінің бірінші Оскар лауреаты болып атанамын" , - деді кәсіпкер.