Мәдина Сәдуақасова жанайқайын жеткізді

Oinet.kz 22-06-2020 8539

Танымал отандық әнші Мадина Сәдуақасова үлкен сахна мен жанкүйерлерін сағынғанын айтты. Ол саханаға шығып, ән шықау арман болып кетсе де, карантин ережелерін сақтау керектігін алға тартты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады. 

image.png

Мадина Сәдуақасова елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсармай жатқанына қапалы. Оның салдарынан концерттердің өтпей жатқанына ашынған әнші бар ойын Instagram парақшасында жеткізген.

- "Көрерменсіз концерт концерт па?! Адамдардың энергетикасы, күлімдеп тұрған көздері, эмоциялары, әніңе қосылып ән шырқайды, сыйлаған гүл шоқтары, шапалақтары. Концерттен кейін шығып бәрімен сүретке түсесің, арасында сұрақтарға жауап бересің, автограф жазып бересің , тілектерді “өлтіріп”, қалжыңдасасың!. Осы ғой нағыз өнер адамына керегі! Ал қазір карантинге бағынуымыз керек, өйткені, вирус бар! ешкімді аяп жатқан жоқ, біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр! Сақтанайық, абай болайық, ауырып жатқандарға емдері шипа болсын, жақсы күндер болады алдымызда, күтейік, сабыр сақтайық! Ал осындай телеконцерттердің ұйымдастырушыларына рахмет үлкен, телевидение арқылы болса да , көрерменемен қауыштырып жатқандарыңыз үшін! Амандықта, саулықта, концерттерде жолығайық, ағайын" , - деп жазды өнер иесі. 

Бейсен Құранбектің жақындары ел күтпеген үндеу жасады
​Қайрат Құдайберген қазіргі жағдайымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу