«Дәрігерлер аяғымды кесу керек деді» - Тұрсынбек Қабатов
Белгілі әзілкеш, шоумен, актер Тұрсынбек Қабатов өнер жолына қалай келгенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- "Мен бала күнімде сахнаға шығам деп ойлаған жоқпын. Мен спортшы болам деп ойладым. Мен негізі желаяқ едім. Жақсы жүгіретінмін. Бір күні аттан құлап, аяғымды сындырдым. Сол кезде дәрігерлер аяғымды кесу керек деді. Кеспесе болмайды деп кеңес айтты. Алайда әкем рұқсат еткен жоқ. Аяғын кеспейміз, жазылып кетеді деп тұрып алды. Асқар тау әкемнің арқасында бүгінде екі аяққа тұрған жайым бар.
Бүгінгі күнге жеткенім әкемнің арқасы. Мені аяққа тұрғызып, өзі мәңгілік өмірге аттанып кетті. Аллаға шүкір, бүгінде асыл анам бар. Анам бізбен бірге. Соған қуанамын", - деді әзілкеш.
дереккөз: stan.kz