«Фигурасы баршылық»: Тұрсынбек Қабатов Сәдуақасова туралы бар ойын айтты

Oinet.kz 11-06-2020 1988

Елімізге танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өнердегі әріптесі Мадина Сәдуақасоваға қатысты қандай ойда екенін жасырмай айтты. Өнер иесі әнші бикештің даусы мен мінсіз мүсінін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Бұл ойын Тұрсынбек Қабатов "Дастархан Show" бағдарламасында айтты.

 "Мадинаның дауысын, тембрін радиодан да, теледидардан да тыңдасаң да бірден білесің. Оның түрін көрмесең де, дауысынан танып қоясың. Мадинаның дауысының бір ерекшелігі бар. Мадинаның фигурасы да Аллаға шүкір баршылық қой. Ол әрдайым ұзын әдемі әрі жабық киім киіп жүреді. Біздің буын сондай болды ғой деймін. Қазір енді жастар жағы көбіне ашық киіп жатады. Бірақ, Мәдина, сен ойлама біз қартайып бара жатқан жоқпыз. Біз енді ғана бастадық. Біздің екінші тынысымыз ашылды. БІз әлі көп еңбек етуіміз керек. Біздің әлі талай баспалдағымыз бар. Қырық деген нағыз жүмыс істейтін уақыт. Әлі талай таңғалдырамыз", - деді Тұрсынбек Қабатов. 

Белгілі әзілкештер рөлге таласып, желіде бүлік шығарды
Дәрігерлердің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу