«Сегіз ай орнымнан тұра алмадым»: Нұрлан Еспанов келіншегінің ауырғаны туралы

Oinet.kz 09-06-2020 2017

Нұрлан Еспанов келіншегінің қатты ауырғаны туралы айтып берді.

news_full1565175005c38dd2cd8ad92f462f20242f43e9a5a0.jpg

Танымал өнер иесі келіншегі қатты ауырған кезде қандай жағдайды бастан кешіргенін айтып берді. Ол өмірлік жарымен бірге науқастанып, өзін қоярға жер таппағанын айтты. Осы оқиға өнер иесін екі жылға жуық уақыт бойы өнерден де, өмірден де алыстатып жіберген. 

"Жаман болып кеттім. Менің өмірлік жарым, бала-шағамның анасы. Қатты қиналсам да сездірмедім. Жылап та алған сәттер болды. Екі жылдай жоқ болып кеттім, ешкімге жоламадым, араласпадым. Сегіз айдай әлеуметтік желіде болмадым. Сол кезде достарым барына көзім жетті", - дейді Нұрлан Еспанов.

Ауыр сынаққа төзіп, 8 ай төсек тартып жатқан композитор достарына ерекше алғыс айтты. Келіншегімді емдеуге қаражатты достарым берді деп мақтанды өнер иесі. Осындай қиын-қыстау кездерден өткен Нұрлан Еспанов қазір отбасындағылардың денсаулығы жақсы екенін жеткізді.

"Мұндай сынақты адам баласының басына бермей-ақ қойсын. Оған төзе білу де қиын. Өзім де ауырып қалдым. Сегіз ай тұра алмай жаттым. Кореяға апарып келдім. Ары-бері жүгірдім, ақша салдым. Өз қалтамнан ғана шыққан жоқ. Достарымның қаражаты. Кореяға барғанда қорықпаңыз деп түсіндіп берді. Қазір келіншегім үйде жүгіріп жүр", - дейді Нұрлан Еспанов. 

Дереккөз: https://stan.kz/

Муз-Арт тобы солистерінің жұбайлары туралы не білесіздер?
Алтынай Жорабаева Сәбиттің туған қыздарын іздемейтінін мәлімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу