«Моншаны ашыңыздар енді» - Тұрсынбек Қабатов (видео)
Қазақстандық белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов карантин уақытында моншаға түсе алмай жүрген көпшіліктің жанайқайын жеткізді. 60 күн бойы үйінде жатқан өнер иесі биліктен моншаларды ашуын сұрады. Ол жерде де қауіпсіздік шараларын сақтап, маскамен жүруге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Тұрсынбек Қабатов моншада өзге адамдармен арақашықтықты сақтап, бір-бірінің арқасын ыспауға уәде берді. Әзілкеш ерекше үндеуін Instagram парақшасында жариялап қойған.
- "Бүгін үйде отырғанымызға тура екі ай, 60 күн болыпты. Алпыс күннен асты. Бірақ, ешкім сұрамайды екен "Моншаға түспейсіздер ма?" деп. Бұл халықтың көкейінде жүрген сұрақ. Моншаны ашыңыздар енді. Тәртіпті сақтаймыз, арамызды екі метр ұстаймыз, бір-біріміздің арқамызды ыспаймыз, маскамен жүреміз" , - деді
Тұрсынбек Қабатов видеосында. Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов карантин уақытында елордалық мұқтаж 200 адамға ауызашар берген болатын. Әзілкеш тамақты арнайы олардың үйлеріне дейін жеткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram