«Біздегі әншілердің қадір-қасиеті кетті» - Мейрамбек Беспаев
Қазақ эстрадасының белді мүшесі, "МузАрт" тобының танымал әншісі Мейрамбек Беспаев әншілердің ұтыс ойындарын ойнатуы мен тойдың айналасынан неліктен шыға алмай қалғандығы туралы барлық шындықты жеткізді. Бұл туралы ол "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Егер де бүкіл қазақтың өнерпаздары кішкене қалтасы томпайсын дейтін болатын болсақ, тойға қарап қалмайтындай бір жағдай болатын болса концертке бару керек. Концертке бару үшін халықтың жағдайы жақсы болуы керек. Бірақ, мына жерде әзірге мына заңдарды, 50% деп айтайыншы көпұлтты қазақстанбыз ғой. 50% кез келген ресторандарда өзіміздің тілде ән айтылу керек. Алматының көптеген ресторандарында тек қана шет елдің әні орындалып тұр өкінішке орай. Заңмен реттелмегеннен кейін бұл. Қандай әншілердікі қойылса сол әншілер ақшасын алатын еді. Екінші шетінен өзіміздің ән шырқалып тұратын еді. Көршілес елдердің радиоларын тыңдасам сүйсінем тіпті. Осыны заңға енгізссе біздің әншілер де басқаша жұмыс істер еді. Сапаға жұмыс істер еді. Тойға шығып кетсем хит деген сөздер бар ғой қазір. Біздің әншілеріміз соған қарай жұмыс істеп кетті қазір. Әншілер тойға жетіскеннен бармайды ғой. Әлемдік әншілер тойға келеді. Олардың шарттары да басқаша ғой. Біздегі әншілердің қадір-қасиеті кетті. Қазір елге барсаң жамандап жатқандары өнер адамдары. Өсек-аяң аясынан шыға алмай қалдық. Бұл жерде өнер адамдарының да кінәсі бар. Біз қатты шешініп кеттік, - дейді Мейрамбек Беспаев.