«Арманым президент болу» - Нұрлан Қоянбаев

Oinet.kz 11-05-2020 4122

Белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаев бала күнгі арманы - президент болу болғандығын жеткізді. Бұрындары КВН ойнап жүрген кезде журналистке берген сұхбатында ол осы арманы жолында еңбек ететінін айтқан. Бұл туралы ол Дастархан шоу бағдарламасында айтты. 

Нұрлан Қоянбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Тарих факультетін тәмамдаған. Алғаш қазақша-орысша КВН ойнап таныла бастаған Қоянбаев "Жас алаш" газетіне сұхбат берген. Онда өзінің өнерге қатысты емес, заң саласында ілімін жалғастыратынын айтқан. "Себебі менің арманым - президент болу ғой" деп атап өткен екен. Алайда актер бұл арманның арман күйінде қалғанын айтты. 

- "Ол менің бала күнгі арманым. Соның лебімен жастық шақта да армандап жүрдім. Саясатқа кетем деген ниетте жүрдім. Сұхбат кезінде сол үшін айтқанмын. Қазір өзімнің қаншалықты жас болғанымды байқаймын. Бұл сұхбатты ешкім көрмесе екен деп жүруші едім", - деп әзілдеді ол.

Бесбаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын
«Біздегі әншілердің қадір-қасиеті кетті» - Мейрамбек Беспаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу