«Толып кеткен»: Карантиндегі фотосын жария еткен Сәдуақасова қызу талқыға түсті

Oinet.kz 22-04-2020 2574

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова карантин кезіндегі түрін көрсетемін деп қызу талқыға түсті. Қарапайым киім үлгісімен және еш бояусыз түскен фотоларымен бөліскен өнер иесін желідегілер бірден сынауға кіріскен. Көпшілік эстрада жұлдызының толып кеткенін жазып, оған артық салмақтан арылуға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Screenshot_1.jpg

Әдетте ел алдына жарқырап тұратын макияж бен ерекше образдармен шығатын өнер иесі бұл жолы шынайы өмірде қандай екенін көрсетті. Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында көшеде келе жатқан суреттерін жариялаймын деп сынға ілікті. Фотода әншінің қарапайым киіммен және бетін маскамен жауып алғанын байқауға болады.

 Алайда, желі қолданушылары шоу-бизнес өкілінің образына емес, оның дене бітіміне ерекше назар аударған. Олар Мадинаның карантин кезінде артық салмақ қосып алғанын жарыса жазуда. Оған қоса, оқырмандар сүйікті әншісіне арықтау керек екенін айтып, өз кеңестерін ұсынған. "Толып кетіпсіз, дереу арықтау керек" , "Карантин жаққан сияқты" , "Семіріп кетіпсіз", "Томпақ екенсіз ғой" , "Сәл толықсыпсыз" , "Артық салмақ қосып алыпсыз" , "Арықтау керек" , - деп жазды олар. 

Сыни пікір білдіргендерден бөлек, әншінің табиғи сұлулығына тәнті болғандар да бар. 

«Отағасы романтик»: Жанар Айжанова жолдасы жайлы бар шындықты айтты
«Қоя сал дедім»: Еспанов ұлы өзге арумен көңіл қоспақ болғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу