Дильназ Ахмадиева 39 жасында тұңғышын дүниеге әкелді

Oinet.kz 16-03-2020 3785

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева 39 жасында алғаш рет ана атанды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған. Қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке бірінші болып шоу-бизнес жұлдызының өзі жеткізді. Ол көптен күткен сәбиі дүниеге келгенін Instagram желісінде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

image.png

Дильназ Ахмадиева тұңғышын босанғаны жайлы әсерлі жазба қалдырған.

"Құттықтап жатқан көпшілікке мың алғыс. Әрбір жылы лебіздеріңіз үшін рахмет айтамын.Біздің сәбиіміз мемлекетіміздің азаматы болып үлгерді. Құттықтауларды әлі де қабылдаймыз. Сүйіктім, бұл екеуміздің бірге жасаған ең керемет дүниеміз болмақ", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары 39 жасында алғаш рет ана бақытына бөленген өнер иесі үшін қатты қуанып, оған деген құттықтау сөздерін жарыса жаудырған.

"Бауы берік болсын. Артынан іні-қарындастары ере берсін" , "Дильназ сіз үшін сондай қуанып тұрмын. Осы күнді қалай асыға күткеніңізді сезіп те тұрмын" , "Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын" , "Бақытты болып өссін. Сізге қызығын көрсетіп жүре берсін" , "Дильназ осы бақытқа лайықсыз. Арасын суытпай, бірден қыз бала дүниеге әкелуді нәсіп етсін" , - деп жазуда көпшілік.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Всем спасибо за поздравления! Наш малыш уже гражданин нашей страны! Принимаем поздравления

Мейрамбек Беспаев: «Жырқылдап ән салатын уақыт емес»
Марат Омаров «Коронавирус кет, кет» әніне бейнетаспа жасап шығармақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу