«Жас қыздай» - Дильназ Ахмадиева мінсіз мүсінімен талайды тәнті етті
Қазақ эстрадасының белді мүшесі Дильназ Ахмадиева желіде мінсіз мүсінін паш етіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Ана атанғаннан кейін қатты арықтап кеткен өнер иесін жанкүйерлері танымай қалды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Карантин уақытында ұлды болған Дильназ Ахмадиева декреттік демалысында жатып алуды ұйғармайтын көрінеді. Эстрада жұлдызы шығармашылығын қайта қолға алып, журналистермен де тілдесуге уақыт тапқан. Әнші сәбиін босанғаннан кейін "НТК" арнасына алғаш рет сұхбат беруге барып, көпшілікті өзіне қаратқан. Instagram желісінде жарияланған видеоларға қарап, өнер иесінің қатты салмақ тастағанын байқауға болады.