Марат Омаров «Коронавирус кет, кет» әніне бейнетаспа жасап шығармақшы
Осыдан үш күн бұрын "Коронавирус кет, кет" әні желінің хитына айналып, біршама желі қолданушылары арасында дүмпу берген болатын. Бұл әннің орындаушысы белгілі әнші, композитор Марат Омаров. Әнші "Коронавирус" әнін Шымкент қаласындағы тойханалардың бірінде шығарған көрінеді. Бұл туралы ол ShowNews.kz ютуб каналына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.
- Том Джонс сияқты барып ойнап жібердім ғой шабыттанып. Сөйтіп сол жерге жақындаған кезде Рахымжан екеуіміз барып қарасақ жастардың бәрі повязка киіп шығып жатыр дә. Сөйтіп рояльге отырып алдым, идея келді, санама ой салды. Коронавирусты жоқ қылатын не бар. Ең болмаса әнімізді кішкене болса да халықтың көңілін көтерейік, сабырлылыққа шақырайық және де мынау үрейді құртатын, негізі аластату дейді ғой. Қазақста бұрын аластату деген ырым болған, - дейді әнші.
Композитордың қауіпті інлетке арнап шығарған бұл әні желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп, жастар арасында челенджге айналып үлгерген.
- Бұл әнді өзім шығардым. Шәкіртім қасымда тұрып қостады. Қасымда тұрған Рахымжан деген шәкіртім. Бір жағы орысша "коронавирус нет, нет" деп, бір жағы қазақша "кет, кет" деп келтірдік. Бір жағынан көңілдірек шығарғаным уайым-қайғы болмасын. Санаға жаман ой салмасын, позитивті өмір ғой, - дейді Марат Омаров.
Басқа елдің азаматтары челенджге айналдырып, америка, франция, қытай елдерінде бұл ән шырқалып жатыр.
- Әріптестерім ұсыныс жасап жатыр. Бұны бейнетаспа жасап барлық тілде жіберсеңіз деп. Соған енді қазір екі шумағы жазылды. Үшінші шумағын жазып ағылшын, француз, басқа тілдерде қалай неқыламыз соны ойластырып жатырмыз, - дейді әнші.