Медеу Арынбаев: «Мен әуестенетін қыз-келіншектер жоқ емес, бар»

Oinet.kz 03-03-2020 1102

Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев екінші мәрте отау құру мәселесін көтерді. Осыдан он жыл бұрын келіншегі қайтыс болған өнер иесі бүгінде екі баласын бір өзі тәрбиелеп отыр. Эстрада жұлдызы тағы да үйленуге қарсы емес екенін айтып, болашақ жарына қояр талаптарын тізіп шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

image.png

Медеу Арынбаев сүйіктісінің сырт келбеті өз үшін аса маңызды екенін алға тартты. Әнші әсіресе, қыз-келіншектердің салмағы жіті мән беретінін жеткізді.

"Алла тағала өзі кездестірер. Жүрекке қалау жүрмейді. Жүрегім өзі белгі берер. Өзіммен келбеті жарасымды болу керек шығар. Салмағы менен екі есе артық болмау қажет шығар. Менің марқұм жұбайым Айгүл сондай еді. Мен әуестенетін қыз-келіншектер жоқ емес, бар. Бірақ, олар болмайды" , - деп қысқа қайырды өнер иесі.
«Музарт» тобының тарайтыны рас па?
Мәдина Сәдуақасова әкесін көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу