Мәдина Сәдуақасова әкесін көрсетті
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова күйеуі мен әкесінің суретін жариялаймын деп, желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандар өнер иесінің жолдасы қайын атасынан айнымайтынын жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz.
Мадина Сәдуақасова аталмыш фотомен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөліскен. Онда әншінің әкесі мен күйеуінің күліп тұрғанын аңғаруға болады. Бұл суреттің арқасында желідегілер күйеубаласы мен қайынатасының өзара ұқсастығын байқап қалған.
Оқырмандардың басым көпшілігі эстрада өкілінің жолдасы өз әйелінің әкесінен айнымай қалғанын жазуда. Оған қоса, Сәдуақасованың анасы мен күйеуі албан болып шықты.
"Әкем қалжыңдайды. “ Өзім Албанның қызына үйлендім, қызымды да Албандарға бердім" деп айтады" , - дед әнші."Жолдасыңыз бен әкеңіз қатты ұқсайды екен" , "Мына кісінің баласы сіз емес, шын мәнінде мына жігіт секілді" , "Әкеңіз өзі албаннан қыз алып, өз қызын да албанға бергенені қызық болды" , "Екеуі бір-біріне кім болды сонда? Жездесі мен балдызы ма?" , "Бақтты болыңдар" , "Ата-анаңыз жүз жасасын" , "Олжас қайынатасынан айнымай қалыпты" , - деп жазуда көпшілік.