Димаш коронавирусты адамзатқа төнген қауіп деп есептейді

Oinet.kz 27-02-2020 1028

Үнемі гастрольдік сапарда жүретін танымал әнші Димаш Құдайберген коронавирус шыққалы өз басын қатерге тігуге мәжбүр екенін айтты. Бірақ, оны жұқтырмау үшін барлық сақтық шараларын сақтайтынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

5e563620c8db7310387054.jpeg

Димаш COVID-19 вирусының таралуына байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Ол мұны адамзатқа төнген қатер деп санайтынын, сондықтан оны елемеуге болмайтынын айтты.

Димаштың жүрегінде Қытай ерекше орын алады, өйткені оның әлемдік карьерасы осы елден бастау алған. Әнші өз фанаттарының қазіргі кешіп жатқан күйіне алаңдаушылығын жасырмайды және Аспан асты елі тұрғындарын вирустан тезірек құтылуын шын жүректен тілейді.

- "Әрине, ауырып қалмас үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Үнемі маскамен жүремін. Қытай тыңдармандарыма мықты денсаулық, мына індеттің тез арада аяқталып, басылуын тілеймін. Олар үшін шын жүректен алаңдаулымын. Қытайлық жанкүйерлер менің орындауымдағы музыканы қатты ұнатады, сол себепті мен әлемнің қай түкпіріне бармаймын, артымнан еріп жүреді, менің концерттерімді жібермеуге тырысады. Біз үлкен жанұя сияқтымыз және бұл өте жақсы нәрсе", - деді Димаш "Союзное Вече" басылымына берген сұқбатында.

Беларусь басылымына берген бұл сұқбатында Димаш соңғы 4 жылда әлі бір рет дұрыстап демалмағанын да айтыпты.

- "Соңғы төрт жыл ішінде демалған жоқпын. Екі апта қатарынан түк бітірмей жататын сәттер болған емес. Осы турнеден кейін демалыс алатын шығармын. Жігіттермен бір жерге тартым кетсек пе екен. Мүмкін туған Ақтөбе қаласына ма? Дөнер сатып алып жейтін едік. Студияның жанында оны өте дәмді дайындайтын орын бар. Түнгі қаламен серуендеп, самал жел есіп тұрса. Арқа-жарқа болып достарыммен сөйлессем. Тек мен шағымданып отыр екен деп ойлап қалмаңыз. Жоқ, шаршағаным жоқ. Мен өмірді шығармашылықсыз елестете алмаймын. Тіпті, қатты шаршады дегенде бір күннен кейін тез есімді жинап аламын, сөйтіп көрермендеріме өзімді тағы бір жаңа қырымнан таныту үшін дайындыққа кірісіп кетемін", - дейді ол.

Айта кетсек, бүгіндері Димаш Құдайберген Еуропаға тур бойынша концерт беруді бастап кеткен. Оның алғашқы концерті Красноярск қаласынан басталып еді, одан кейін ол Қазан қаласында жалғасты.

Беларусь басылымына берген бұл сұқбатында Димаш соңғы 4 жылда әлі бір рет дұрыстап демалмағанын да айтыпты.

Зарина Омарова інісіне қатысты дауға жауап берді
Қайрат Нұртас 114 миллион теңгеге концерт өткізбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу