Миллиардер Қоянбаев табысын қайда жұмсайтынын айтты

Oinet.kz 30-01-2020 1468

Отандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски в Корее" фильмінің арқасында кенелген 1 миллиард 40 миллион теңге қаржысын қайда жұмсайтынын ашық айтты. Ол көпшілік өзін миллиардер атануымен құттықтап жатқанымен, кинодан келген бұл көлемді табыс толығымен өзіне түспейтінін жайып салды.

image.png

Қоянбаев халық ойлайтындай қыруар қаржы өз қалтасына толық түспейтінін түсіндірді. Ол бұл табыстың елу пайызын кинотеатрларға берсе, тағы бір бөлігі демеушілерге тиесілі екенін жеткізді.

Әзілкештің сөзінше, өзіне сол қомақты сомманың бір еншісі ғана тиеді.

"Енді миллиардер туралы бір айтып жіберейін жалпы, бәрі құттықтап жатыр ғой миллардер деп. Иә, иә деп қоям. Бірақ, бәріміз білеміз ол миллиардтың бәрі маған түспейді. 50 пайызы жаңағы кинотеатрларда қалады, одан кейін салық, демеуші бар деген сияқты. Қатты байып кеткен жоқпын", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев түсірген "Бизнес по-казахски в Корее" фильмі Қазақстан кино тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз. Комедия жанрындағы туынды шетелдік "Мстители" киносынан басып озып, кинопродюсерге 1 миллиард 40 миллион теңге табыс әкелген.


Сәдуақасова желідегі суреті үшін тағы да оңбай сөз естіді
Ayree мен Димашты не байланыстырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу