Сәдуақасова желідегі суреті үшін тағы да оңбай сөз естіді
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіге жаңа сурет саламын деп көпшіліктің сынына ілікті. Оқырмандар енді ашық фото салмауға уәде берген өнер иесін сөзінде тұрмады деп сөкті.
Сәдуақасова Instagram парақшасында бассейндегі фотосын жариялап, желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды. Көпшілік эстрада өкілінің бұл қылығын ерсі санап, оған қатысты пікірлерін қарша жаудырған.
"Тырнақты емес, төсіңді көрсеткің келді ғой" , "Жасы 40-қа келсе де, дене бітімін көрсетіп әлек" , "енді ұятты ашық фото салмаймын дегеніңіз қайды?" , "Сөзіңде тұрмадың ақыры салыпсың" , "Не болып барасың? Барған сайын ашылып" , "Ұялмайсың ба?" ,"Сізді де қазақ келіні дейді. Лайық болсаңызшы" , "Сыпайы қалпыңызда қалғаныңыз жөн еді. Ал ашық фотоларды жүктеуді жастарға қалдырсаңызшы" , "Ұят қайда? Отбасылы адамсыз ғой. Жолдасыңыз момын екен, сөйлемейді ма?" , "Кәмшаттың қылықтарына ұқсап барады" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова парақшасында енді ашық әрі ұятты суреттер жүктемеуге сөз берген болатын. Өнер иесі өзінің заманауи образдағы фотолары халық тарапынан үлкен наразылық туыдарытын ойламағанын жеткізді.