Димаш Құдайбергеннің сүйіктісі кім?

Oinet.kz 20-01-2020 2509

Желіде танымал әнші  Димаш Құдайбергенді 34 жастағы Виктория Крутаямен көңіл қосты деген ақпараттар тарауда , деп жазады Oinet.kz порталы ntk.kz-ге сілтеме беріп.

 Димаш.jpg

Төрткүл елдің сүйіктісіне айналып үлгерген оны, 34 жастағы Виктория Крутаямен көңіл қосып жүр деп жазғыруда жұрт. Танымал продюсер Игорь Крутойдың қызы Виканың отбасы және күйеуі бар екен. Бірақ олардың айырылысып кетуіне Құдайберген-тегі кінәлі-мыс.

Бұның бәрі еспе сөз екенін Димаштың турын ұйымдастырушы Хизри Байтазиев айтып берді. Отандық өнерпаз Ресейлік продюсермен қарым қатынасын үзбеген. Керісінше, әлдеқашан жоспарланып қойған «Arnau tour 2020» концерті келесі айдың ортасында Краснодардан бастау алмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш жайлы «қытай қызымен көңіл қосты» деген ақпарат тараған болатын. Ізін ала бере, бұл да жалған болып шықты.

Меруерт Түсіпбаева: «Келінінен ақша сұрайтын енелерді түсінбеймін»
Димаш сахнада виртуалды жұлдызбен ән шырқады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу