Құрманы не үшін көбірек пайдалану керек?
Рамазан жаз маусымына сәйкес келіп, күн ыстықта қатты шөлдегендіктен ораза ұстауға шыдам жетпей жатады. Шөлдемеу үшін не істеуге болады?
Мамандардың айтуы бойынша, ораза ұстаған кезде организм күндіз қорек алмағаны үшін бауыр ферменттерінің жұмыс істеу ритмі бұзылады да бауырдың әлсіреуіне себеп болады. Осының алдын алу үшін бауырдың жұмысын күшейтетін бақбақ, артишок сусыны, өсімдіктер және жеміс-жидектерді пайдалану ұсынылады.
Сонымен қатар, Рамазан айында көбірек құрмамен қоректенген жөн. Зерттеушілер құрманы көбірек пайдаланған адамдардың организмінде витаминдердің азаймайтыны байқалғанын жазып жатыр.
Ал, газдалған сусындарды пайдалану мүлдем ұсынылмайды. Қазіргі уақытта пайдалануға ыңғайлы деп газдалған сусындарды көбірек таңдап жатамыз. Алайда, газдалған сусындар керісінше қатты шөлдетеді. Олар организмді уақытша рахаттандырғанымен, жарты сағат өтпей денені қайта шөл қыса бастайды. Оның орнына өрік, алхоры, шиеден жасалған сусындар мен компоттарды пайдалану керек. Аталған сусындар біріншіден шөлдетпейді, екіншіден қандағы қант құрамын қалпына келтіріп, қан қысымын қалпында ұстап отырады. Осылайша, келесі күні емін-еркін ораза ұстауға мүмкіндік береді.